Бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу керек – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.
Мемлекет басшысы пандемия кезіндегі қашықтан оқыту мәселесіне де тоқталды.
Қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда Үкіметтің жіберген қателіктерін жақсы білеміз. Ашығын айтқанда, «Әлі күнге дейін нақты бір онлайн платформа жоқ. Мұғалімдер мен оқушылар, ата-аналар «WhatsApp» күні-түні бас көтермеді. Толыққанды оқу үдерісі үшін қажет функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу керек, - деді Мемлекет басшысы.Сондай-ақ, Тоқаев мектеп үшін маңызды нәрсені айтты.
Сапалы білім алу үшін әдеттегідей сабаққа қатысып, мұғалімдер мен оқушылардың араласудың орны бөлек. Сондықтан барлық санитарлық талапты орындай отырып, білім алудың қалыпты жағдайына көшу тәртібін әзірлеген жөн. Бұл мектептер үшін аса маңызды. Балалар қай жерде тұрса да сапалы білім алулары керек, - деді ол.Естеріңізге сала кетейік, Тоқаев мұғалімдердің жалақысын 25%-ға дейін өсіруді тапсырған болатын.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев спорт клубтарын қаржыландыруды тоқтату керектігін айтты
Өзгелердің жаңалығы