"Біртұтас әлем керек": Си Цзиньпин сауда соғысында жеңімпаз болмайтынын айтты
“Орталық Азия – Қытай” екінші саммитінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин қазіргі жаһандық ахуалға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Си Цзиньпин өз сөзінде халықаралық жағдайдағы бұрын-соңды болмаған өзгерістер аясында әлем жаңа дүрбелеңдер мен қайта құру кезеңіне аяқ басқанын атап өтті.
Тек теңдік, әділеттілік, өзара тиімділік пен ортақ ұтыс қағидаттарына берік болу арқылы ғана әлемдегі бейбітшілікті сақтап, ортақ өркендеуге қол жеткізуге болады. Тарифтік және сауда соғыстарында жеңімпаз болмайды. Протекционизм мен гегемонизмді ұстанатындар өзгелерге де, өздеріне де зиян келтіреді. Мен әрдайым тарих доңғалағын кері айналдыруға болмайтынын, тек алға жылжу қажет екенін айтып келемін. Бізге бөлінген емес, біртұтас әлем керек. Адамзат ортақ тағдыр жолымен дамуы тиіс, ал "жабайы табиғат заңымен" емес, – деді ҚХР Төрағасы саммитте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев 2026 жылды білім жылы деп жариялауды ұсынды
Келесі жаңалық
Римде 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының алауы жағылды
Өзгелердің жаңалығы