Біртүрлі бастама: Польшада неке туралы куәліктен "ерлі-зайыпты" атаулары алынып тасталмақ

Польшада неке қию туралы куәліктердің жаңа үлгісін енгізу жоспарланып отыр. Құжатта дәстүрлі "күйеу" және "әйел" деген сөздердің орнына гендерлік бейтарап атаулар – "бірінші серіктес" және "екінші серіктес" қолданылмақ. Бұл туралы BAQ.KZ mk.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі уақытта тиісті өзгерістерді енгізетін заңнамалық актіні әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл бастама Польшаны Еуроодақтың басқа елдерінде тіркелген біржынысты некелерді тануға міндеттейтін Еуропалық соттың қаулысына байланысты көтерілген.

Жаңа терминология неке жазбаларын біріздендіруге және еуропалық заңнама талаптарына сай келуге мүмкіндік береді, – деп жазылған мәліметте.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы