Біртановтың негізгі сот отырысы 2 маусымда жалғасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада ашық форматта Денсаулық сақтаудың бұрынғы министрі Елжан Біртанов пен бұрынғы вице-министр Олжас Әбішевке қатысты негізгі сот отырысы өтті.
Елжан Біртанов Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 361-бабының 4-бөлігі, 2-тармағы, 361-бабының 3-бөлігімен және Олжас Әбішев Қылмыстық Кодекстің 361-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша қылмыс жасады деп айыпталып отыр.
Экс-министр Елжан Біртанов іс 2 жылға созылып жатқанын айтып, олар әділдікке жету жолында асықпайтынын жеткізді.
Біз ешқайда асығып бара жатқан жоқпыз. Әділдік пен заңдылық -барлығынан жоғары,- деді Біртанов.
Нұр-Сұлтан қаласының №2 Сарыарқа аудандық сотының судьясы Ибрагим Әлкенов 2 маусымда сот отырысы жалғасатынын айтты.
Енді біз 2 маусымда кездесеміз. Айыпталушы тарап ертеңнен бастап қылмыстық істің материалымен таныса алады, - деді ол.
Сот отырысы 26 маусымда сағат 10:00-де басталған болатын. Арасындағы үзілістерді қосқанда сот отырысы 8 сағатқа созылды.
Еске сала кетейік, 11 мамырда бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевке қатысты сот отырысы басталған болатын.