Біртановпен байланыста болған тағы бір министр оқшауланды
Алматы, BAQ.KZ. Коронавирус жұқтырған Денсаулық сақтау министрімен байланыста болған ҚР экология министрі Мағзұм Мырзағалиев оқшауланды.
М. Мырзағалиев өткен жұма күні денсаулық сақтау министрімен бірге ұшып келген, сондықтан байланыста болған адам ретінде оқшауланды.
Министр тесттен өтті, оның нәтижесі теріс болды. Аптаның соңына қарай тағы да тесттен өтеді. Оған қарамастан министр жұмыс жиындары мен келіссөздерді онлайн режимде өткізіп жатыр, - дейді министрліктің баспасөз қызметі.
12 маусым күні премьер-министр Асқар Мамин денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен бірге Жамбыл облысындағы вакцина зауыты құрылысының басталуына қатысқан еді. Келесі күні Е. Біртановтың вирус жұқтырғаны белгілі болды.
Қазір үкімет басшысынан бастап бірқатар министр оқшауланған. Олардың қатарында білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов, ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаров, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев та бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ішкі туризм. Бурабайдағы бір күн
Өзгелердің жаңалығы