Біртанов коронавирус қашан және қандай жағдайда тоқтайтынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елді карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
Бұл өте маңызды мәселе. Жұқпалы ауру болғаннан кейін тез тарайды. Ең жылдам жұғатын әдісі – қол алысып амандасу кезінде. Сондай-ақ түшкірген кезде ауа арқылы тез тарайды. Карантин кезінде ережелерді сақтауымыз керек. Біріншіден көшеге шықпай, үйде отырғанымыз дұрыс. Басқа азаматтармен қарым-қатынасымызды азайтқан жөн, - деді Елжан Біртанов.Елдегі төтенше жағдай мен карантин режимі аяқталуына 2 апта уақыт бар. Сол уақытта үйде болуға кеңес берді.
Көптеген қалаларда ірі сауда орындары жабылуда. Тек дәріханалар мен азық-түлік дүкендері жұмыс істеп жүр. Мекемелер қашықтықтан жұмыс істеу процесіне көшті. Көшеге шыққан кезде әрі кетсе екі кісі бірге жүру керек, одан артық топтасып жүрген дұрыс емес. Жалпы алдағы екі аптада үйде болыңыздар. Ауылдық жерлерде бір отбасыда бірнеше адам тұрады. Түсінеміз, бірақ реті келсе қарт адамдарды бөлек бөлмеде тамақтандырсаңыздар. Гигиена талаптарын сақтауға тырысайық. Сонда ғана инфекция адамнан-адамға жұғуы тоқтайтын болады. Біздің сеніміміз бойынша бұл коронавирустық эпидемея тоқтайды. Әрине, өзімізге байланысты. Карантин режимін жақсылап сақтасақ, бұл қиындықты жеңеміз, - деді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы