Біртанов елордалық iKOMEK орталығының жұмысымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов iKOMEK қалалық орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Кездесу барысында iKOMEK  орталығының басшысы Жаннат Дүбірова әкімдіктің 1-0-9 қысқа нөмірлі бірыңғай байланыс орталығының жұмысын таныстырды. Сондай-ақ BIG DATA қағидасымен жұмыс жасайтын талдау платформасы, қаланы басқару панелі, қаладағы жағдаятқа мониторинг жасайтын мобильді қосымша, GPS-мониторинг жүйесі, әкімдіктің тиімділік көрсеткіштерінің үлгісі (KPIs) және әкімдік басшылары: әкім орынбасарларының, аудан әкімдерінің және басқарма басшыларының рейтингісі сияқты цифрлық бастамалармен бөлісті. 

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов iKOMEK қалалық орталығының жұмысына жоғары баға берді. Кездесу барысында министр орталықты денсаулық сақтау саласының 1406 бірыңғай байланыс орталығымен біріктіруді, сондай-ақ медициналық қызметтерді ұсыну сапасын арттыру үшін елорда тұрғындарының денсаулық сақтау мәселелері бойынша өтініштерін талдауды министрлікке беруді тапсырды. 

Айта кетсек, iKOMEK орталығы азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою үшін елордалық медициналық мекеме басшыларымен белсенді жұмыс жасауда. 2019 жылдың қазанынан бастап, бас дәрігерлер "iKOMEK109" мобильді қосымшасына қосылып, азаматтардың өтініштеріне мониторинг жүргізеді.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы