Біртанов: Бастысы – қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматыдағы медициналық бұйымдар шығаратын "Dolce" компаниясына барды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. ⠀
Министр фармацептикалық кәсіпорынның өнімдерімен танысты, цехты аралап, компаниядағылар өндірістік жоспарларымен бөлісті. Министр фармацевтикалық компанияның, Денсаулық сақтау министрлігі мен ведомствоға қарасты ұйымдардың қызметкерлерінің қатысуымен селекторлық кеңес өткізді.⠀
Онлайн жиында медицина қызметкерлерін, халықты қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.
⠀
Елжан Біртановтың айтуынша, бастысы - тұрғындар мен медицина қызметкерлерін коронавирус инфекциясынан қорғайтын маска және өзге де медициналық құралдармен қамтамасыз ету қажет.
⠀
Президенттің тапсырмасына сәйкес, елімізде коронавирус пандемиясы кезінде сапалы қорғаныс құралдарының қоры жеткілікті болуы тиіс. Осы мақсатта біз отандық тауар өндірушілермен үнемі байланыстамыз. Ал "Dolce" еліміз бойынша мемлекеттік тапсырысты орындайтын және Орта Азия мен ТМД мемлекеттеріне медициналық бұйым экспорттайтын қазақстандық кәсіпорындардың бірі, -деді министр.⠀
Министр кеңес соңында осы саладағы жүйені ретке келтіру үшін бірқатар тапсырма берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы