Біртанов адам ағзасы ел аумағынан қандай жағдайда шығарылатынын айтты

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Парламент Сенатының отырысында Қазақстан аумағынан адам ағзалары мен тіндері қандай жағдайда шығарылатынын мәлімдеді.

Министр "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі" туралы кодекс жобасын талқылау барысында Парламент Мәжілісінің жұмыс шеңберінде жұртшылықтың пікірін ескере отырып, сезімтал нормалар пысықталып, олар бойынша консенсус табылғанын айтты. Кодекс жобасында Қазақстан аумағынан адамның ағзалары мен тіндері тек қана ҚР азаматтарына медициналық көмек көрсету үшін ғана шығарылады, - деді Біртанов. 
Қайтыс болған адамның органдарын алуға келісім презумпциясына қатысты норма Қазақстан Республикасында 2009 жылдан бері қолданыста.
Ерікті түрде келісім беруді тіркеу немесе келісімді кері қайтарып алу медициналық ұйымдар көрсететін мемлекеттік қызмет болып табылады. Кодекс жобасында адамның тірі кезінде ағзаларын алу бойынша ерік білдірмеген жағдайда келісімді бермеуге жұбайының, ал ол болмаған жағдайда жақын туыстарының бірінің құқығы бар екені көзделген, - дейді министр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы