Бірқатар ведомстволық награда енгізілуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы жөніндегі республикалық комиссия отырысында бірқатар жаңа ведомстволық наградаларды енгізу ұсынылды.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев «Кен орнын алғаш ашушы» және «Еңбек сіңірген геолог» төсбелгілерін енгізуді ұсынды.
«Кен орнын алғаш ашушы» төсбелгісімен ҚР мемлекеттерін марапаттау ұсынылады. Төсбелгі белгілі бір пайдалы қазбалар кен орнын ашқан немесе кен орнынан екі есе ұлғайтатын жаңа дербес учаскелеріндегі қабаттарды анықтағаны, кешенді өнеркәсіпте пайдалануға жаңа минералды затты тапқаны үшін табыс етіледі. Қолданып жүрген «Жер қойнауының барлаушысы», «Жер қойнауын барлаудың үздігі» ведомстволық наградаларымен салыстырғанда «Кен орнын алғаш ашушы» деп атау геология мамандарына маңызды болғанын атап өткен жөн, - деді Брекешев.
Министр айтқандай, мамандардың кәсіби деңгейін арттыру мен жас мамандарды қолдау, геология ғылымының дамуына ықпал ету мақсатында жаңа геолог төсбелгісін енгізу орынды.
«Еңбек сіңірген геолог» төсбелгісімен геология саласының ұйымы мен мекемесінде кемінде 15 жыл жұмыс істеген, геология саласы мен елдің шикізаттық минералды базасын басқаруға зор үлесін қосқан қызметкерлер, геологиялық барлау жұмыстарының негіздегені геология тәжірибелерін енгізгені үшін, қызметтегі жоғары нәтижелері үшін, қоғамдағы қызметі үшін марапаттау ұсынылады. Аталған төсбелгілерінің сұлбалары Мемлекеттік рәміздер және геральдикалық сараптама кеңесінің отырысында қаралды, - деді ол.
Өз кезегінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Үздік цифрландырушы» ведомстволық наградасын енгізуді ұсынды.
«Үздік цифрландырушы» төсбелгісімен еңбекке жоғары нәтижелерге қол жеткізген, қызмет бойынша жарамды мінездемесі бар, қызмет бойынша өзіне жүктелген міндеттемелерді адал және жауапты атқарғаны үшін беріледі. Сондай-ақ бастама мен кәсібилік танытқаны, жас мамандар үшін тәлімгер болып табылатын ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес, күнтізбелік есептегі жалпы еңбек сіңірген уақыты 15 және одан да көп болған қызметкерлерді марапаттау жоспарланып отыр. Пандемия жағдайында цифрландырудың маңыздылығын атап өте келе, үкіметтік органдардың өкілдері цифрландыру көптеген әлеуметтік және мемлекеттік міндетті қашықтан шешуге міндет етеді. Осыған байланысты цифрландыру саласында еңбек етіп жүрген мамандардың мәртебесін арттыру мақсатында осы төсбелгіні ұсынып отырмыз, - деді Мусин.