5 Ақпан 2025 2025, 23:48 Фото: BAQ.KZ - архив

Бірқатар өңірде жолдар жабылды

Ауа райының бұзылуына байланысты екі өңірде жолдар жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауа райының бұзылуына байланысты екі өңірде жолдар жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"ҚазАвтоЖол" компаниясы таратқан мәліметке сүйенсек, 4 өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Жетісу облысында «Үшарал-Достық-ҚХР шекарасы» Көктұма ауылы - Достық станциясы арасында жол жабылды. Сондай-ақ ауа райының бұзылуына байланысты "Астана-Қарағанды-Алматы" автожолының 1505-1864 шақырым аралығындағы учаскесінде (Атамекен ауылынан Балқаш қаласына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. "Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғас" автожолының 383-704 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қайнар ауылынан Аягөз қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына рұқсат жоқ, - делінген хабарламада.

Сонымен қоса 5 ақпанда сағат 22:30-да ШҚО-да ауа райының бұзылуына байланысты "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары" автожолының 6-254 шақырымы аралығында (Ушановское ауылынан Үлкен Нарын ауылына дейін)жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылғаны белгілі болды.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.