Бірқатар өңірде тұман түсіп, жел күшейеді
Синоптиктер сейсенбі, 4 ақпанда республикамыздың басым бөлігінде ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжам жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет"РМК-ға сілтеме жасап.
Болжамға сүйенсек, солтүстік антициклон ел аумағының көп бөлігіндегі ауа райына ықпал етеді.
Республикада негізінен күн жауын-шашынсыз болады. Тек елдің батысы мен оңтүстік-батысында фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр мен қар жауады, - делінген кәсіпорын таратқан хабарламада.
Бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, шығыста – жаяу бұрқасын болу ықтимал.
Еске салайық, бұған дейін бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ІІМ ұрланған қаруды тәркілеу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда
Өзгелердің жаңалығы