Бірқатар өңірде коммуналдық қызметтердің тарифі төмендетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің 7 өңірінде 2022 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша жалпы сомасы шамамен 4,3 млрд теңгеге төмендетілген тарифтер бекітілді.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтік сметаларды орындауына жүргізілген талдаудан кейін 30 субъект бойынша міндеттемелердің орындалмауын анықтады.

Бүгінгі күні есептерді қарау нәтижелері бойынша 30 ТМС бойынша міндеттемелердің орындалмағаны анықталды, оның ішінде «Астана-Энергия» АҚ, «Астана-Теплотранзит» АҚ (Нұр-Сұлтан қ.), «Талдықорғантеплосервис» КМК (Алматы облысы) сияқты ірі монополист субъектілер және басқалары бар, - делінген хабарламада.

Нәтижесінде, еліміздің 7 өңірінде (Нұр-Сұлтан қ., Алматы облысы, ШҚО, Жамбыл облысы, Қостанай облысы, Маңғыстау облысы, Павлодар облысы) жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, электрмен жабдықтау және кірме жолдарды ұсыну сияқты қызметтер бойынша жалпы сомасы шамамен 4,3 млрд теңгеге уақытша өтемдік тарифтер бекітілді.

Орташа алғанда қызметтер бөлінісінде тарифтердің төмендеуі:

- жылумен жабдықтау - 17%;

- сумен жабдықтау - 7,4;%;

- су бұру - 3%;

- электрмен жабдықтау - 18,6% болды.

Сонымен қатар ТМРК және оның аумақтық бөлімшелері монополист-субъектілердің есептерін талдау бөлігінде жұмысты жалғастырып жатқанын атап өткіміз келеді, оның нәтижелері қосымша хабарланатын болады, - делінген комитет таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы