Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК 17 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыс орталығында 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында 15-20 м/с.

Шымкентте түнде және таңертең кей уақытта тұман күтіледі.

Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.

Алматыда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз оңтүстігінде көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жаяу бұрқасын. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының түнде батысында, күндіз басым бөлігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы