20 Наурыз 2023 2023, 09:30 Фото: Егемен Қазақстан

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Астана мен 11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ

Астана мен 11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ

Синоптиктердің болжауынша, Шығыс-Қазақстан, Абай, Ақмола және Қарағанды облыстарында сырғыма (ауырлық күші ықпалымен өзен, көлдер, теңіздердің тік жағалауларынан, таулар мен сайлардың жыраларынан топырақ массасы мен тау жыныстарының төмен қарай сырғанауы - еск.) жүреді.

Жел екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Ал Қостанай мен Жамбыл өңірлерін тұман басады. Синоптиктер Алматы облысында қар көшкіні жүру қаупі бар екенін де ескертті.