Бірқатар облыста көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды

Бірнеше облыста ауа райына байланысты республикалық жолдардағы көлік қозғалысына шектеу енізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2026 жылғы 2 ақпанда республикалық маңызы бар бірқатар автожолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, - делінген хабарламада.

Қарағанды облысы

2026 жылғы 2 ақпан сағат 20:30-дан бастап:

  • «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 592–750 км аралығы
    (Балқаш қаласы – Жамбыл облысының шекарасы)

Жамбыл облысы

2026 жылғы 2 ақпан сағат 20:30-дан бастап:

  • «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 2005–2152 км аралығы
    (Қарағанды облысының шекарасы – Бурылбайтал ауылы)

Қызылорда облысы

2026 жылғы 2 ақпан сағат 22:00-ден бастап:

  • «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1474–1806 км аралығы
    (Әйтеке би кенті – Қызылорда қаласы)

Барлық көрсетілген жол учаскелерінде қозғалысты 2026 жылғы 3 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланып отыр.

Жүргізушілерге сапарды жоспарлау кезінде жол жағдайын ескеріп, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға кеңес беріледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы