Бірқатар облыста дауылды ескерту жарияланды

Бұл туралы мәліметті Қазгидромет таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2022 жылдың 15-16 қараша аралығында таулы өңірлерде қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жамбыл облысының тау және тау етегіндегі аудандарда баурайлық ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі.

14-15 қарашада Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Оралда 15 қарашада жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 

14 -15 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстік-шығысында көқтайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстік-шығысында күші 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 25 м/с күтіледі.

Петропавлда 15 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.                            

14 -16 қарашада Жетісу облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі (жаңбыр, қар). 15-16 қарашада солтүстікте, таулы және тау етегіндегі аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында екпіні 23-28 м/с, 16 қарашада оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарда 15-20 м/с, кей уақытта екпіні 23-28 м/с.

14 -15 қарашада Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Жел батыстан соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/c күтіледі.

Қызылордада 15 қарашада жел батыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

14 қараша мен 15 қарашаның аралығында Шығыс Қазақстан облысында жаяу  бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Өскеменде 15 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.                                                               

14 қараша - 15 қарашада Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, таулы аудандарда екпіні 23-28 м/с. 

Шымкентте 15 қарашада таңертең және күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр басымырақ) күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістанда 15 қарашада батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

14 қараша - 15 қарашада Ұлытау облысының басым бөлігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын, жол бойында қарлы қатқақ күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 17-22, облыстың солтүтсік-шығысында кей уақытта 28 м/с.

Жезқазғанда 15 қарашада кей уақытта көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 17-22 м/с. 

2022 ж. 14 қараша - 15 қарашада Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбеде 15 қарашада солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15 м/с күтіледі. 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы