Бірқатар министрлік 15 млрд теңге бюджет қаржысын игере алмады – Қаржы министрі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.​​ Осы жылдың бірінші тоқсанында министрліктер 15 млрд теңге бюджет қаражатын игере алмады.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 99%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,5%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,8%-ке атқарылды, - деді министр.

Оның атап өтуінше, республикалық бюджет бойынша сомасы 4 трлн теңгеге жуық шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 20 млрд теңгені құрады, оның ішінде 5 млрд теңге - үнемдеу. Игерілмегені – 15 млрд теңге.

Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, сыртқы iстер және экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінде қалыптасты. Игерілмеудің негізгі себептері - шарттарды ұзақ жасасу, төлем негізділігін растайтын құжаттардың жоқтығы немесе ұсынылмауы, төлеуге берілетін шоттардың қазынашылық органдарына кеш ұсынылуы, орындалған жұмыстардың актілерін, шот-фактураларды уақтылы ұсынбау, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстардың өткізілмеуі, есепті айда қаражат жұмсау қажеттілігінің болмауы, - деді Үкімет отырысында Ерұлан Жамаубаев

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы