«Бірнеше секунд бәрін өзгертуі мүмкін»: ІІМ ата-аналар мен балаларға үндеу жасады
Полиция ата-аналарды балаларымен қауіпсіздік және қауіпті жағдайдағы мінез-құлық туралы жиі сөйлесуге шақырды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігіне байланысты ата-аналар мен балаларға үндеу жасады, деп хабарлады Polisia.kz.
Ведомствоның мәліметінше, ойланбай жасалған әрекет бірнеше секунд ішінде ауыр жағдайға әкелуі мүмкін. Мысалы, жолдан асығыс өту, жанжал кезінде күш қолдану немесе арандатуға еріп кету адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.
ІІМ балаларға нағыз мықтылық қауіпке бас тігуде немесе күшпен өз дегенін дәлелдеуде емес екенін түсіндіреді. Маңыздысы – дер кезінде тоқтай білу, қажет болса шегіну және арандатуға ермеу.
Полиция ата-аналарды балаларымен қауіпсіздік және қауіпті жағдайдағы мінез-құлық туралы жиі сөйлесуге шақырды. Балаларға тек тыйым салмай, белгілі бір әрекеттің неге қауіпті екенін және оның салдары қандай болуы мүмкін екенін түсіндіру қажет.
Сонымен қатар қиындыққа тап болған жағдайда көмек сұраудан қорықпау, мәселені жасырмай, дер кезінде ата-анаға, басқа ересектерге немесе тиісті қызметтерге жүгіну маңызды.
ІІМ кей жағдайда бірнеше секунд ішінде қабылданған дұрыс шешім адамның денсаулығы мен өмірін сақтап қалуы мүмкін екенін атап өтті.