Бірнеше құрылыс салушылар қылмыстық жауаптылыққа тартылды
«Андора Констракшн» ЖШС-нің директоры 2020-2023 жылдар аралығында жергілікті атқарушы органнан үлескерлердің ақшасын тартуға келісім алмай, 25 азаматқа жалған алдын-ала келісімдер жасау арқылы 313 миллион теңгеге пәтерлер сатқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
23 қазанда Атырау қаласы №2 сотының үкімімен Серіктестік директоры аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айрылды.
Сондай-ақ, «Nazik Group» ЖШС-нің директоры мен «Атамекен Тұрғын Үй», «Family Town» және «Baisanat Residence» тұрғын үй кооперативінің құрылтайшысы да осыған ұқсас фактілер бойынша сотталды.
Сонымен қатар, прокурорлық қадағалау негізінде ағымдағы жылы 2 құрылыс салушы компаниялары да әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 1 миллион теңге көлемінде айыппұл төледі.
Бұл ретте, прокуратура органдары азаматтардың үлестік құрылыс нарығындағы құқықтарының сақталуын және олардың өз пәтерлерін уақтылы алу құқықтарының бұзылуына жол бермеуді бақылауда ұстайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы