Жамбылдық полицейлер бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктіні ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл шілде айында облыс орталығының тұрғынынан Тараз қалалық Полиция басқармасына пәтерінен құны 150 мың теңге тұратын ноутбук пен банк картасы ұрланғаны туралы арыз келіп түсті.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тараз қаласының 31 жастағы тұрғынын ұстады.


«Оның тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу кезінде ескі монеталардан бастап ұялы телефондар, бағалы заттар, қымбат сағаттар және патрондар мен қаруға дейін әртүрлі заттардың 100-ден астам түрі анықталды», - делінген ведомствоның хабарламасында.


Күдіктінің пәтерінде табылған әрбір заттың қылмысқа қатыстылығы тексерілетін болады.


Жамбыл облысы ПД-ның мәліметіне сәйкес, қазір күдікті Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалып, Қылмыстық кодекстің 188-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Егер сіз суреттен өзіңіздің немесе таныстарыңыздың заттарын танысаңыз, Тараз қаласы Полиция басқармасының 1-полиция бөліміне хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 (7262)99-78-07, 87751326800 немесе 102.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы