11 Наурыз 2025 2025, 21:46
Фото: pixabay.com
Бірнеше өңірде жолдар жабылды
Күн райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде жол жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.
Күн райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде жол жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, 5 облыстағы 5 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Ақмола облысы:
- "Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы" автожолының 856-917 шақырым аралығы (Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы – Жақсы ауылы).
Солтүстік Қазақстан облысы:
- "Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы" автожолының 795-856 шақырым аралығы (Рузаевка ауылы – Ақмола облысының шекарасы).
Қостанай облысы:
- "Жезқазған – Арқалық – Петропавл" автожолының 252-340 шақырым аралығы (Ұлытау облысының шекарасы – Арқалық қаласы).
Ұлытау облысы:
- "Жезқазған – Арқалық – Петропавл" автожолының 137-252 шақырым аралығы (Ұлытау ауылы – Қостанай облысының шекарасы).
Шығыс Қазақстан облысы:
- "Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары" автожолының 6-166 шақырым аралығында (Ушановское ауылы – Алтай қаласы) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 757 арнайы техника мен 1804 маман жұмылдырылды.