10 Қараша 2024 2024, 21:46 Фото: BAQ.KZ- архив

Бірнеше өңірде жол жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде жолдар жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде жолдар жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.

Қарағанды облысы:

10 қарашада сағат 20:30-да Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Екатеринбург-Алматы" автожолының 1353-1426, 1426-1446 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау төлемақы алу пунктіне дейін, Теміртау төлемақы алу пунктінен Теміртау қаласына дейін) жүк және жолаушылар көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Ақмола облысы:

10 қарашада сағат 20:30-да Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты Ақмола облысында "Екатеринбург-Алматы" автожолының 1291-1353 шақырым аралығында (Жібек Жолы төламқы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін) жүк және жолаушылар көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Жолды 2024 жылғы 11 қараша сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Шығыс Қазақстан облысы:

10 қарашада сағат 21:00-де Шығыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Өскемен-Семей" автожолының 10-103 шақырымы аралығында (Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейін) жүк және жолаушылар көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Абай облысы:

10 қарашада сағат 21:00-де ШҚО-да ауа райының бұзылуына байланысты Абай облысында"Өскемен-Семей" автожолының 103-198 шақырымы аралығында (ШҚО шекарасынан Семей қаласына дейін) жүк және жолаушылар көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Жолды 2024 жылғы 11 қараша сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылғаны туралы жазған болатынбыз.