Бірнеше өңірде жабылған жол учаскелері қайта ашылды
2025 жылы 1 ақпанда төрт өңірде алдында қолайсыз ауа райына байланысты жабылған республикалық маңызы бар тас жолдар ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Абай облысында:
- "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" тас жолының 615-683 шақырым аралығы (Жетісу облысы шекарасынан Таскескен ауылының бұрылысына дейін);
- "Таскескен-Бақты" тас жолының 0-75 шақырым аралығы (Таскескен ауылынан Үржар ауылына дейін).
Жетісу облысында:
- "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" тас жолының 557-615 шақырым аралығы (Үшарал қаласынан Абай облысының шекарасына дейін).
Жамбыл облысында:
- "РФ шекарасы (Жайсан ө\п)–Мәртөк–Ақтөбе (солтүстік айналма жолымен)–Қарабұтақ–Қызылорда–Шымкент (солтүстік айналма жолымен)–Тараз (айналма жолымен)–Қордай–Алматы–Қорғас–ҚХР шекарасы (Нұр Жолы ө/п)" тас жолының 143-214 шақырым аралығындағы учаскесінде (Алматы облысының шекарасынан Қордай ауылына дейін).
Алматы облысында:
- "РФ шекарасы (Жайсан ө\п)–Мәртөк–Ақтөбе (солтүстік айналма жолымен)–Қарабұтақ–Қызылорда–Шымкент (солтүстік айналма жолымен)–Тараз (айналма жолымен)–Қордай–Алматы–Қорғас–ҚХР шекарасы (Нұр Жолы ө/п)" тас жолының 59-143 шақырым аралығындағы учаскесінде (Жаңақұрылыс ауылынан Жамбыл облысының шекарасына дейін);
- "Алма-Тау турбазасына кіреберіс" республикалық тас жолының 0-15 шақырым аралығы (Тұздыбастау ауылынан Бесқайнар ауылына дейін).
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
Келесі жаңалық
ХАМАС Израильдің тағы екі тұтқынын босатты
Өзгелердің жаңалығы