Бірнеше өңірде үсік жүріп, тұман түседі

Синоптиктер 30 қыркүйекте ел өңірлерінде ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Кәсіпорынның деректеріне сүйенсек, республиканың басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болады. Соның әсерінен күн жауын-шашынсыз, ашық болады. Тек күндіз ғана елдің оңтүстігінде, Қазақстан бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең солтүстікте, елдің орталығында тұман түсіп, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.

Түнде Алматы облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында, солтүстігінде, Жамбыл облысының таулы аудандарында, солтүстігінде, Жетісу облысының орталығында 2-3 градус үсік жүреді.

Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, Ұлытау облысының шығысында, Жетісу облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, орталығында, Абай облысының шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының шығысында өрт жоғары қаупі сақталады.

Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстарында, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы