2 Мамыр 2024 2024, 08:05 Фото: BAQ.KZ архив

Бірнеше өңірде үсік жүреді

Еліміздің басым бөлігіне атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етіп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еліміздің басым бөлігіне атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етіп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына сүйенсек, шығыста, түнде Қарағанды облысында, Абай, Жетісу облыстарында жауын-шашын, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Республика бойынша жел күшейіп, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыста бұршақ жауады. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады, солтүстік-батыста тұман түседі.

Қарағанды облысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, батыста, солтүстікте, Абай облысында 1-3 градус үсік жүреді.

Маңғыстаудың басым бөлігінде, Атыраудың шығысында, батысында, оңтүстігінде, Қызылорданың орталығында, Түркістанның солтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі бар.