Бүгiн 2026, 20:24
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев
Бірнеше өңірде үсік жүреді: 23 мамырға арналған ауа райы болжамы
Сенбі, 23 мамыр күні, Қазақстанның басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады.
«Казгидромет» РМК синоптиктері демалыс күнінің алғашқы тәулігіне арналған ауа райы болжамын жариялады.
Метеорологтардың мәліметінше, еліміздің батыс, солтүстік-батыс және орталық аймақтарында негізінен жауын-шашынсыз, құрғақ ауа райы күтіледі. Алайда республиканың өзге өңірлерінде күн райы күрт құбылмалы болмақ.
Еліміздің бірқатар аймағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды.
Ауа райының қауіпті құбылыстары:
- Жауын-шашын: Еліміздің солтүстігінде, қиыр шығысында, сондай-ақ оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі.
- Қауіпті құбылыстар: Бөлек өңірлерде бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Еліміздің оңтүстік аймақтарында шаңды дауыл соғады деп болжануда.
- Тұман: Солтүстік өңірлерде және таулы аудандарда түнде және таңертең тұман түседі.
Республиканың солтүстік және шығыс облыстарында түнде және таңертең ауа температурасы кей жерлерде -2...-4 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді, – деп хабарлады «Казгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Бұл жағдай ауыл шаруашылығымен айналысатын тұрғындар мен диқандар үшін өнімді қорғау шараларын ерте бастан жасауды талап етеді.