1 Қаңтар 2026, 10:15
Фото: BAQ.KZ - архив
Бірнеше өңірде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді
1 қаңтарға арналған ауа райы болжамы.
"Қазгидромет" РМК 1 қаңтарға арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті метеорологиялық құбылыстардың болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Болжамға сәйкес, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ел аумағының басым бөлігінде қар мен боран сақталады. Солтүстік-батыс өңірлерде қалың қар жауады. Елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын күтіледі, ал оңтүстік-шығыста жауын-шашын мол болады (жаңбыр, қар).
Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің күшеюі болжанып отыр.