30 Қаңтар 2025 2025, 00:32
Фото: BAQ.KZ - архив
Бірнеше өңірде республикалық жолдар жабылды
Бірнеше өңірде күн райына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.
Бірнеше өңірде күн райына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.
30 қаңтарда сағат 00:00-де Абай облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" автожолының 778-967 шақырым аралығындағы учаскеде (Аягөз қаласынан Қалбатау ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды, - деп атап өтті компаниядан.
Сондай-ақ бұған дейін бірнеше республикалық автожолда көлік қозғалысына шектеу қойылды:
Абай облысы:
- "Алматы-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" автожолының 778-967 шақырым аралығындағы учаскеде (Аягөз қаласынан Қалбатау ауылына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.
Қарағанды облысы:
- "Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті-Павлодар" автожолының 788-906 шақырым аралығындағы учаскеде (Ұлытау облысының шекарасынан Топар ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Ұлытау облысы:
- "Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті-Павлодар" автожолының 433-788 шақырым аралығындағы учаскеде (Жезқазған қаласынан Қарағанды облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Жолды 30 қаңтар сағат 06:00-де ашу жоспарланған.