Бірнеше өңірде қар жауып, көктайғақ болады

15 қарашада еліміздің өңірлерде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазгидромет РМК-ға сілтеме жасап.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республиканың көп бөлігінде қар жауады.

Еліміздің батысында, оңтүстік-батысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, - делінген синоптиктердің болжамында.

Сондай-ақ ел аумағы бойынша желдің күшеюі, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасынмен, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, батысында, елдің солтүстік-батысында көктайғақ күтіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы