Бүгiн 2026, 15:56 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов

"Бірнеше өңірде өрт қаупі шарықтады" – Қазгидромет ескерту жасады 

Қазгидромет бірнеше өңірде өрт қаупі күрт күшейгенін ескертті. Ең қауіпті аймақтар аталып, төтенше қауіп жарияланған өңір де бар.

"Қазгидромет" РМК өрт қаупі ең жоғары өңірлерді атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Атырау облысының оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Павлодар облысының солтүстігінде, Абай облысының орталығында, Қызылорда облысының шығысында өрт қаупі жоғары. Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі күтілуде, - дейді Қазгидромет мамандары.