Бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстікте солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с жетеді, күндіз облыстың басым бөлігінде 40 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шөлейтті аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда түнде және таңертең солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз өңірдің басым бөлігінде 15-20 м/с, солтүстігінде, шығысында 25 м/с жылдамдықпен қатты жел соғады.

Қызылорда облысында солтүстіктен жел соғады, облыс орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қауіпі сақталады.

Күндіз Алматы облысының батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз 38 градус қатты ыстық болады. Қонаевта күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі, 36-38 градус қатты ыстық сақталады.

Күндіз Жетісу облысының орталығы мен таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз орталықта және облыстың шығысында 17-22 м/с, кей тұста 28 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Талдықорғанда күндіз найзағай ойнап, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз 35 градус ыстық сақталады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады. Солтүстікте, оңтүстікте, шығыста 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ойысып, найзағай кезінде екпіні 15-18 м/с жетеді.

Түнде Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, күндіз орталықта, оңтүстікте, шығыста найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса соққан жел екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с құрайды.

Шығыс Қазақстан облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде түнде және таңертең найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ойысып, найзағай кезінде екпіні 15-18 м/с жетеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы