Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктер қауіпті ауа райы құбылыстарының болуы мүмкін екендігін ескертті.
"Қазгидромет" 9 наурызға арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Қазақстанның 16 облысында қауіпті ауа райы құбылыстары болуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астанада кей уақыттарда қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с.
Ақмола облысында қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады. Облыстың батысында және оңтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Жел 15-20 м/с, түнде облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Көкшетауда түнде және таңертең қар жауып, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Жел түнде және таңертең 15-20 м/с.
Алматыда күндіз желдің жылдамдығы 15 м/с болады. Іле Алатауының таулы аймақтарында (Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы бөліктері) жел 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.
Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, тау бөктері мен таулы аудандарында жел 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23-28 м/с. Қонаевта да жел 15-20 м/с, күндіз кейде 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.
Шымкентте күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақытта нөсер жаууы мүмкін. Кей мезетте тұман түседі. Жел күндіз 15-20 м/с.
Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында күндіз нөсер жаңбыр жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде және таулы аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі. Жел облыстың батысында, оңтүстігінде және таулы аймақтарында 15-20 м/с. Түркістан қаласында кей уақытта жаңбыр, найзағай және тұман болады. Жел 15-20 м/с.
Атырау облысында жауын-шашын (көбіне қар) түсіп, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Жел күндіз 15-20 м/с, облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде кей уақытта 25 м/с-қа дейін күшейеді. Атырауда жауын-шашын (көбіне қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел күндіз 17-22 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында көктайғақ күтіледі. Жел күндіз 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Ақтауда көктайғақ болады. Жел күндіз 15-20 м/с.
Қостанай облысында түнде ауа температурасы күрт төмендеп, 17-22 градус аязға дейін, облыстың солтүстігі мен батысында 25 градусқа дейін, оңтүстігінде 7-12 градус аяз болады. Кейін тағы да төмендеп, түнде 25-30 градусқа дейін, облыстың солтүстігінде 33 градусқа дейін, оңтүстігінде 22 градус аяз болуы мүмкін. Қостанайда да түнде ауа температурасы 19-21 градус аязға дейін төмендеп, кейін 28-30 градус аязға дейін суытады.
Қызылорда облысының солтүстігінде және оңтүстігінде таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, көктайғақ болады. Күндіз облыстың солтүстігінде боран соғуы мүмкін. Облыстың солтүстігінде және орталығында тұман күтіледі. Жел күндіз солтүстігі мен орталығында 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с-қа дейін күшейеді. Қызылордада кей уақытта тұман түседі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында таңертең және күндіз нөсер жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аймақтарында тұман күтіледі. Жел таулы аудандарда 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Таразда кей уақытта тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде 15-20 м/с. Өскеменде көктайғақ болады.
Қостанай облысының шығысында және оңтүстігінде қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады, түнде облыстың батысында және солтүстігінде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде 15-20 м/с. Қостанайда түнде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғады.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Жел батысында, солтүстігінде және орталығында 15-20 м/с. Семейде күннің екінші жартысында көктайғақ болады.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде және орталығында түнде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, күндіз қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында және орталығында қалың қар жаууы мүмкін. Жел түнде облыстың солтүстігінде 15-18 м/с, күндіз батысында, оңтүстігінде және орталығында 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с-қа дейін күшейеді. Ақтөбеде кей уақытта қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Жел түнде 15 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады. Күндіз облыстың оңтүстігі мен батысында қар жауып, боран соғып, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігі мен батысында тұман болуы мүмкін. Жел түнде 15-20 м/с, облыстың оңтүстігі мен батысында 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде 15-20 м/с. Петропавлда түнде қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады. Жел 15-20 м/с.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Жел түнде облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында 15-20 м/с. Павлодарда түнде көктайғақ болады. Жел түнде 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Облыстың батысында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде 15-20 м/с. Оралда күндіз жаяу бұрқасын болады. Жел күндіз 15-20 м/с.
Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында түнде және таңертең кей уақытта тұман түседі. Жел облыстың шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз Алакөл көлдері маңында кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.