Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
"Қазгидромет" 11 қаңтарға Астана мен Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астанада күндіз көктайғақ күтіледі.
Қызылорда облысында түнде де, күндіз де көктайғақ болады. Облыстың солтүстігі мен орталығында тұман түседі. Күндіз желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қызылорда қаласында күндіз көктайғақ болып, кей уақытта тұман байқалады.
Атырау облысының солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде тұман мен көктайғақ күтіледі.
Атырау қаласында да кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ақмола облысында күндіз батыста, солтүстікте және оңтүстікте көктайғақ күтіледі, сондай-ақ тұман болады.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде және таулы аймақтарында тұман күтіледі. Таулы өңірлерде жел 15–20 м/с-қа дейін күшейіп, екпіні 23 м/с-қа жетуі мүмкін.
Түркістан қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Маңғыстау облысында түнде батысы мен оңтүстігінде көктайғақ болып, тұман түседі.
Ақтау қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақтөбе облысында түнде де, күндіз де көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман күтіледі.
Ақтөбе қаласында көктайғақ болжанып отыр.
Қостанай облысында күндіз солтүстігі мен шығысында қалың қар жауады. Түнде және күндіз қар, боран, көктайғақ, сондай-ақ жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Сонымен қатар тұман болады. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қостанай қаласында таңертең және күндіз қар, боран, көктайғақ пен тұман күтіліп, жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз батыста, солтүстікте және оңтүстікте қар, төменгі боран мен көктайғақ болады, сондай-ақ тұман күтіледі.
Павлодар облысында түнде және таңертең солтүстікте, шығыста және батыста тұман болады.
Ұлытау облысында күндіз батыста, солтүстікте және орталықта көктайғақ, ал солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Жезқазған қаласында күндіз көктайғақ болады.
Қарағанды облысында күндіз батысы мен солтүстігінде көктайғақ, ал солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін артады.
Батыс Қазақстан облысында түнде шығысында қар және төменгі боран болады, сондай-ақ тұман мен көктайғақ күтіледі.
Орал қаласында түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.
Жетісу облысында түнде және таңертең шығысында, орталығында және таулы аймақтарында кей уақытта тұман болады. Алакөл көлдері маңында жел 15–20 м/с-қа дейін күшейіп, кейде 23–28 м/с-қа жетуі мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Өскемен қаласында желдің жылдамдығы 15–18 м/с-қа дейін артады.
Абай облысының оңтүстігінде тұман болады. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейіп, екпіні 23 м/с-қа жетуі мүмкін.