Бірнеше өңірде ауа райының бұзылуына байланысты жолдар жабылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздегі бірнеше республикалық автожолда қозғалысқа уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздегі бірнеше республикалық автожолда қозғалысқа уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"ҚазАвтоЖол" компаниясы таратқан ақпаратқа сәйкес, 18:00-де Жамбыл облысында республикалық маңызы бар А-2 “Алматы-Ташкент-Термез” автожолының 534-593 шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына;
18:00-де Түркістан облысында республикалық маңызы бар А-2 “Алматы-Ташкент-Термез” автожолының 593-620 шақырым аралығында (Жамбыл облысының шекарасынан Тұрар Рысқұлов ауылына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына;
19:00-де Қостанай облысында республикалық маңызы бар А-16 “Жезқазған-Петропавл” автожолының 339-377 шақырым аралығында (Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына;
19:00-де Ақмола облысында республикалық маңызы бар А-16 “Жезқазған-Петропавл” автожолының 377-440 шақырым аралығында (Қостанай облысының шекарасынан Державинск қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына;
19:00-де Ақтөбе облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар “Самара-Шымкент” автожолының 965-1153 шақырым аралығында (Қарабұтақ ауылынан М-32 және А-26 жол айырығына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.
19:30-да Ақтөбе облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар “Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз” автожолының 259-389 шақырым аралығында (Шалқар қаласынан М-32 және А-26 жол айырығына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.
20:00-де Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар “Көкшетау-Атбасар” автожолының 47-184 шақырым аралығында (Зеренді ауылынан Атбасар қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарлануда. Жолды 7 қарашада сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
21:00-де Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар “Астана-Петропавл” автожолының 18-232 шақырым аралығында (Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарлануда. Жолды 7 қарашада сағат 08:00-де ашу жоспарланған.