Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Синоптиктер ертең, 10 наурызда Алматыда, Астанада және тағы 15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Түркістан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта екпіні 15-20 м/с.
Алматыда түнде тұман күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі.
Қарағанды облысының шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, жолдарда көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.
Қостанай облысында түнде облыстың солтүстік жартысында қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың солтүстік жартысында жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, шығысында тұман. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, жолдарда көктайғақ. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с.
Абай облысында қар, бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысында күндіз қар күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Астанада қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с.
Ақмола облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.