Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК-сы еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазгидромет болжамына сәйкес, 14 мамырда түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертен облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

14 мамырда түнде Ақмола облысының басым бөлігінде, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

14 мамырда Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында 25 м/с-ке жетеді.

Талдықорғанда 14 мамырда таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с-ке жетеді.

14 мамырда Қызылорда облысының батысында, орталығында найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылордада 14 мамырда төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының орталығында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с-ке жетеді.

Алматыда 14 мамырда кей уақытта найзағай ойнайды. Қонаевта 14 мамырда күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағандыда 14 мамырда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

14 мамырда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Ақтауда 14 мамырда кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстікте жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Павлодарда 14 мамырда солтүстіктен жел соғып, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

14 мамырда күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды.

Оралда 14 мамырда күндіз найзағай ойнайды.

14 мамырда найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

14 мамырда түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауып, облыстың оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде күші 15-20, екпіні 23 м/с-ке жетеді, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстік-шығысында топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді.

Петропавлда 14 мамырда түнде солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с.

14 мамырда күндіз Абай облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың орталығында, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с-ке жетеді.

Семейде 14 мамырда найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

14 мамырда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.

Өскеменде 14 мамырда найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

14 мамырда Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

14 мамырда күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Таразда 14 мамырда күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы