24 Желтоқсан 2024 2024, 08:22 Фото: архив

Бірнеше өңірде ауа ластанады

24 желтоқсанда еліміздің бірқатар аймағында қолайсыз метеорологиялық жағдай орын алады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

24 желтоқсанда еліміздің бірқатар аймағында қолайсыз метеорологиялық жағдай орын алады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

2024 жылғы 24 желтоқсанда Астана, Алматы, Ақтөбе, Балқаш, Павлодар, түнде Қостанай, күндіз Өскемен қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі – деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.