Бірнеше облыста дауыл тұрып, күн ысиды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада және тағы бірнеше облыста дауыл тұрып, ауа температурасы жоғарылады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктердің мәліметінше, Нұр-Сұлтанда солтүстік-шығыс желінің жылдамдығы секундына 15-18 метрге жетеді.

Ақмола облысының шығысында найзағай ойнайды деп болжанып отыр. Түнде және таңғы уақытта тұман түсіп, күндізгі уақытта желдің жылдамдығы 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысында ауа температурасы 35-38 градусқа дейін жоғарылайды.

Атырау облысының кей жерінде найзағай ойнап, оңтүстік-шығыс желінің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысында да желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысында найзағай ойнап, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Сондай-ақ, күндізгі уақытта ауа температурасы 38 градусқа дейін жоғарылайтыны айтылады.

Қызылорда облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, боран соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында да кей жерде найзағай ойнайтыны айтылады.

Петропавлда тұман түседі деп болжанып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы