Бірнеше облыста дабылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет ауа райына байланысты еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жариялады.
10 қарашада таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығыс бағытына ауысатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Нұр-Сұлтан қаласында 10 қарашада көктайғақ, түнде және таңертең жаяу бұрқасын, күндіз тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік шығысқа ауысады, түнде және таңертең желдің екпіні 15 м/с жетпек.
10-12 қарашада Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен солтүстік-шығысқа ауысып соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
10 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Түнде кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
10 қарашада Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қатты жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан cоққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.