Бірнеше облыста ауа райына байланысты жол жабылды
Жүргізушілерге ауа райы жағдайын ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес беріледі.
Ауа райына байланысты бірқатар республикалық автожолдарда қозғалыс шектелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2026 жылғы 26 ақпан сағат 20:00-ден бастап ауа температурасының төмендеуіне байланысты бірнеше өңірдегі республикалық маңызы бар автожол учаскелерінде жолаушылар рейстік автобустары мен дизельді қозғалтқышы бар автокөліктер үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді, - делінген хабарламада.
Қарағанды облысы аумағында «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шидерты» (KAZ14) автожолының 788-906 шақырымы (Ұлытау облысының шекарасы – Топар ауылы) және 970-1135 шақырымы (Қарағанды қаласы – Павлодар облысының шекарасы) аралығында қозғалыс шектеледі.
Ұлытау облысында осы бағыттағы KAZ14 автожолының 756-788 шақырымы (Жаңаарқа ауылы – Қарағанды облысының шекарасы) жабылады.
Абай облысы аумағында бірқатар бағытта шектеу енгізіледі. Атап айтқанда:
- «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» (KAZ07) автожолының 587-1002 шақырымы (Павлодар облысының шекарасы – Көкпекті ауылы);
- «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» (KAZ08) автожолының 778-1013 шақырымы (Аягөз қаласы – ШҚО шекарасы);
- «Семей – РФ шекарасы» (KZ18-02) автожолының 2-113 шақырымы;
- «Семей – Қайнар» (KZ18-01) автожолының 8-284 шақырымы;
- «Өскемен – Семей» (KAZ21) автожолының 103-198 шақырымы (ШҚО шекарасы – Семей қаласы);
- «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғас» (KAZ15) автожолының 528-941 шақырымы (Баршатас ауылы – Боғас ауылы).
Шығыс Қазақстан облысында:
- «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» (KAZ08) автожолының 1013–1062 және 1104–1212 шақырым аралықтары;
- «Өскемен – Семей» (KAZ21) автожолының 12-103 шақырымы (Қазачье ауылының бұрылысы – Абай облысының шекарасы);
- «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» (KAZ07) автожолының 1103-1256 шақырымы;
- «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» (KZ16-01) автожолының 7-249 шақырымы (Ушановское ауылы – Үлкен Нарын ауылы) бойынша қозғалысқа шектеу қойылады.
Павлодар облысы аумағында «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» (KAZ07) автожолының 426-587 шақырымы (Кенжекөл кенті – Абай облысының шекарасы) жабылады.
Барлық аталған учаскелерде жол қозғалысын 2026 жылғы 27 ақпан сағат 08:00-де қайта ашу жоспарланып отыр. Жүргізушілерге ауа райы жағдайын ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес беріледі.