17 Наурыз 2019 2019, 14:06

Еліміздің бірнеше облысында су тасқыны болуы мүмкін

Астана, BAQ.KZ. Қазгидромет еліміздің бірнеше облысында күннің күрт жылуына байланысты, су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертеді.

Астана, BAQ.KZ. Қазгидромет еліміздің бірнеше облысында күннің күрт жылуына байланысты, су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертеді.

"18-20 наурыз аралығында күннің жылуына байланысты Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Қостанай облыстарында қар еріп, мұздық құбылыстардың әлсіреуі мүмкін. Соның салдарынан өзендерде су деңгейі көтерілуі болжанады" - делінген хабарламада.