Бірнеше мемлекет басшылары Тоқаевты Жаңа жылмен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен, Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен және Арменияның Премьер-Министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекеттер басшылары бір-біріне ілтипат білдіріп, жаңа жылдық құттықтауларын жеткізді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған өзара ықпалдастықтың барлық саласындағы екіжақты қатынастардың оң қарқынын атап өтіп, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін нығайтудың перспективаларын талқылады.

Екі елдің көшбасшылары тұрақты әрі сенімді саяси диалогты қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, 2020 жылға арналған ынтымақтастықтың нақты жоспарын белгіледі.

Сонымен қатар Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 27 қарашада Қырғыз Республикасына жасаған мемлекеттік сапарының қорытындыларын жоғары бағалап, қол жеткізілген уағдаластықтардың тиімді жүзеге асырылуы екі елдің стратегиялық серіктестігін дамытуға тың серпін беретініне сенім білдірді.

Президенттер бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековке мемлекеттік қызметте табыс, бауырлас қырғыз халқына бақ-береке тіледі.

Сондай-ақ, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияның Премьер-Министрі Никол Пашинянмен де телефон арқылы сөйлесті

Тараптар Қазақстан мен Армения арасындағы ынтымақтастықты екіжақты форматта да, Еуразиялық экономикалық одақ аясында да одан әрі тереңдетудің ахуалы мен перспективаларын талқылады.

Армения Премьер-Министрі Қазақстан Президентін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев та Никол Пашинянның мемлекеттік қызметіне жаңа жылда мол табыс, достас армян халқына бақ-береке тіледі.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы