Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК тартақан мәлімет бойынша, ертең еліміздің басым бөлігінде күшті жел тұрып, найзағай ойнап, жауын-жашынды болады.
17 мамырда Маңғыстау облысында түнде жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с.
Ақтау қаласында түнде найзағай, жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.
Петропавл қаласында да оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай сақталады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.
Ақмола облысында таңертең және күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен, жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с.
Көкшетау қаласында да найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, түнде қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с.
Атырау қаласында түнде 17 мамырда қатты жаңбыр. Солтүстік, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 18 м/с күтіледі.
17 мамырда күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, шквал, жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршак жаууы мүмкін.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы 80-100 %