Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер маусым айының соңғы күндері дауылды және кей өңірлерде аптап ыстық болады деп болжайды.
Қазгидромедтің мәліметінше 29 маусымда Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, найзағай, дауыл, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерде 40 градус ыстық күтіледі.
Шымкент қаласында түнде және таңертең шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.
Түркістан қаласында түнде және таңертең шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.
Түнде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Күндіз кей жерлерінде шығыстан жел соғады, күші 18 м/с күтіледі.
29 маусымда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз кей жерлерде бұршақ. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Өскемен қаласында 29 маусымда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 17 м/с дейін жетеді.
Қызылорда облысының басым бөлігінде 42°С қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, қатты ыстық 42ºС дейін күтіледі.
Ақтау қаласында күндіз 29 маусымда найзағай күтіледі.
30 маусым мен 1 шілде аралығында Шығыс Қазақстан облысы жаңбыр болжамына байланысты, кей жерлерде қатты, таулы өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі және бүйірлі ағынның қалыптасуы күтіледі