Бірнеше өңірде аптап ыстық күтіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер бірнеше өңірде аптап ыстық болып, дауылды жел соғады деп болжайды.
13 шілдеде Қостанай облысында 37 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.
Сондай-ақ, Қызылорда облысының кей жерінде шаңды дауыл сақталады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде кей жерде 15-20 м/с дейін жетеді, күндіз 15-20, кей жерде 25 м/с күтіледі. Күндіз 43 градус қатты ыстық күтіледі, - делінген хабарламада.Қызылорда қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с, шаңды дауыл күтіледі. Күндіз 13 шілдеде 41 градус қатты ыстық болады.
13 шілдеде Ақмола облысының оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды.
13-15 шілдеде Ақмола облысының кей жерінде 35 градус қатты ыстық және өте жоғары өрт қаупі сақталады.
13 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыста 35 градус қатты ыстық күтіледі.
13-15 шілдеде Қарағанды облысының кей жерінде 39 градус қатты ыстық болады.
Жезқазған қаласында күндіз 37-39 градус қатты ыстық болады деп болжануда.
13 шілдеде Маңғыстау облысының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан, күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерде 38-41 градус қатты ыстық сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%, - делінген таратылған ақпаратта.
13 шілдеде Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.
Шымкент қаласында 13 шілдеде күндіз солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.
Түркістан қаласында 13 шілдеде күндіз солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.
Күндіз 13 шілдеде Атырау облысында кей жерде шаңды дауыл. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Атырау қаласында күндіз 13 шілдеде шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.