Бірнеше интернет-алаяқтыққа күдіктілер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері интернет-алаяқтықпен айналысқан Павлодар қаласының екі тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстікқазақстандық жедел уәкілдердің Павлодар қаласына шыққан сапары сәтті аяқталды. Нәтижесінде 2018-2019 жылдары жасалған екі интернет-алаяқтыққа күдіктілер ұсталды.

2018 жылдың желтоқсанында Жамбыл ауданының 27 жастағы тұрғыны интернет арқылы алдау жолымен 47 мың теңге ақшасын иемденгені туралы Петропавл қаласы Полиция басқармасының бірінші полиция бөліміне жүгінген. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жәбірленуші үй сатып алу үшін онлайн несие алуды жоспарлағаны белгілі болды.Хабарландырудың авторынан келесі шартты орындаған жағдайда, яғни 47 мың теңге комиссия төлеген кезде ақша алуға болады деген жауап келген. Қыз жіберілген деректемелерге ақша аударған, кейін банкке барған кезде оған несие алуға өтінім келіп түскен жоқ деп хабарлаған. Жәбірленуші алданып қалғанын сезінген соң полицияға жүгінген.

Осыған ұқсас сценарий бойынша СҚО-ның тағы бір тұрғыны алданды. 38 жастағы ер адам интернеттегі жарнамадан ноутбук сатып алғысы келеді, одан толық құнын алдын-ала картаға төлем жасауды сұрайды, ақшаны алып алған соң сатушының телефоны жауап бермей қойған. 55 мың теңгені алаяққа жібергенін түсінген ер адам полицияға жүгінді. СҚО ПД криминалдық Полиция басқармасының басшысы Петр Климовтың айтуынша, интернет-алаяқтық жасады деген күдіктінің екеуі де Павлодар қаласындағы іссапар барысында анықталды. Несие алуға “көмектескені” үшін 27 жасар әйелді алдап, ноутбук сату кезінде алаяқтық жасаған 22 жасар жігіт ұсталды. Екеуі де қылмыстарын мойындады.

СҚО-да жыл басынан интернет-алаяқтықтың 87 фактісі тіркелді. Орташа алғанда, олардың үштен бірі ашылады. Көптеген интернеттегі алаяқтықты ашу үшін бірнеше айлар қажет.

СҚО ПД криминалдық Полиция басқармасы барлық интернет пайдаланушылардан құпиялылықты қатаң сақтауды, жеке ақпаратты ешкімге жібермеуді (нөмірлер, логиндер, парольдер), әрдайым интернет-дүкендердің иелері мен танымал сайттардағы жарнамалардың авторларын тексеруді, тауарлардың бейнекөріністерін егжей-тегжейлі ұсынуды сұрауды, басқа клиенттердің пікірлерін оқудың және зерттеудің керектігін ескертеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы