Бірнеше гидротехникалық нысан мемлекеттің меншігіне өтті
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, былтыр 4 иесіз қалған бөгет, 1 су қоймасы және 3 тоған мемлекет меншігіне өткен, деп хабарлайды BAQ.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл Ақтөбе облысындағы 4 бөгет, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысындағы 3 тоған мен су қоймасы. Елімізде жалпы саны 22 гидротехникалық нысанның қараусыз қалғаны анықталды.
Оның ішінде 5 нысан қираған және одан әрі пайдалануға жарамайды. Қалған 9 нысанды коммуналдық меншікке қабылдау бойынша жұмыс жүріп жатыр.
Былтыр еліміздің гидротехникалық нысандарына түгендеу жүргізілді. Одан кейін облыс әкімдіктерімен бірлесіп оларды қалпына келтіру бойынша кешенді жоспар әзірленді. Аталған жоспарды іске асыру гидротехникалық құрылыстардың тозу мәселесін шешуге және олардың қолданысқа жарамдылығын арттыруға мүмкіндік береді, – деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ертіс өзенінде су көтеріліп, 11 адам эвакуацияланды
Келесі жаңалық
ТЖМ құтқарушылары 5 автокөлікті өрттен корғап қалды
Өзгелердің жаңалығы