24 Сәуір 2025 2025, 11:44
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Бірлік әлемдегі тұрақсыз жағдайда аса маңызды – Тоқаев
Бірлік бар жерде ғана тірлік бар. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бірлік бар жерде ғана тірлік бар. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бірлік ұғымы қазіргі дүниежүзіндегі тұрақсыз жағдайда аса маңызды. Әлемде, әсіресе біздің айналамыздағы кейбір елдерде не болып жатқанына бәріміз куә болып отырмыз. Сондықтан шын мәнінде бірлік бар жерде - тірлік бар, - дейді Қасым-Жомарт Кемелұлы.