"Бірлестік-2024" халықаралық әскери оқу-жаттығуының негізгі кезеңдері басталды

Маңғыстау облысында Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан әскери қызметшілерінің қатысуымен "Бірлестік-2024" халықаралық жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының негізгі кезеңі өтіп жатыр.

"Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Бауыржан Артықов оқу-жаттығудың әскери басқару органдарына ҚР Қарулы күштері Бас штабының жедел директивасын тапсыра отырып, жауынгерлік өкімнің мазмұнын жеткізді.

Жауынгерлік жұмыстар барысында командирдің шартты қарсыластың көзін жою туралы шешімі қабылданды.

Басқару пунктінің офицерлері жоспарлауды аяқтады. Әскерлерге практикалық көмек көрсетіп, олардың қойылған жауынгерлік тапсырманы орындауға дайындығын бақылау бойынша жұмыс жүргізілді. "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің штабы жаттығуға қатысушы мемлекеттердің әскери контингенттерімен бірлесіп, тапсырмаларды орындауға кірісіп кетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы